Президент зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеуге мемлекет те, ата-аналар да бірдей жауапты екенін айтты.
— Ғылымды қолдау, ғалымдарға ел болып құрмет көрсету, бұл — ең алдымен қоғамда еңбекқорлық, білімпаздық, жасампаздық құндылықтарын орнықтыру деген сөз.
Халқымыздың ойы озық болса, өскелең ұрпақтың да ғылым-білімге деген ықыласы айрықша болары анық. Зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеу — баршаға ортақ парыз. Оған мемлекет те, ата-аналар да бірдей жауапты.
Мен былтыр «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесін құру туралы тиісті Заңға қол қойдым. Бұл жүйе арқылы ата-аналар баласының болашақта сапалы білім алуына қаражат жинай алады.
Қазірдің өзінде 200 мыңға жуық азамат арнайы есепшот ашты. Мұны болашаққа салынған ең ұтымды инвестиция деуге болады, — деді Президент.
Айта кетелік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.
https://kaz.inform.kz/news/prezident-zerdel-ar-ziyatker-urpak-tarbieleu-barshaga-ortak-pariz-c1e397/


