Абай облысыМерекеТОП

Берік Уәли Абай облысының тұрғындарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Рухани тазару мен жаңаруға жол ашатын осы қасиетті мейрам күллі мұсылман қауымы үшін айрықша маңызды.

Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қамқорлық танытады. Отыз күн оразадағы сабыр мен қанағатқа негізделген игі амалдың бәрі Айт мерекесінің шынайы болмысын айшықтай түседі.

Ораза айында жасаған барлық ізгі амалдарыңыз қабыл болсын.

Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке тілеймін!

Берік Уәли,
Абай облысының әкімі

Осы айдарда

Back to top button