Семей қаласында полицейлер сот шешімін орындамаған борышкерді анықтады

Семей қаласы полиция басқармасына жеке сот орындаушысынан 900 000 теңге сомасындағы борышты өтеу жөніндегі сот шешімін орындамаған борышкерді іздеуге қатысты шешім келіп түсті. Бір тәулік ішінде полицейлер 27 жасар қала тұрғынын анықтады.
Іздеу шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР ІІМ ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, борышкердің Семей қаласында тұрған орнын анықтады. Онымен жеке сот орындаушыларына жеткізуге міндеттеме алынған. Енді борышты өндіруді сот орындаушылары жүргізетін болады.
2026 жылдың басынан бері Абай облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі бөлімдері сот шешімін орындамаған 44 борышкерді анықтаған.
Полиция қызметкерлері еске салады: атқарушылық құжатты орындамау заң бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Semeynews.kz



