МерекеСемейТОП

Ұлттық дәстүр ұлықталған күн: «Наурыздың жеті сыйы» қойылымы өтті

Балалар мен жастар сарайында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Наурыздың жеті сыйы» атты театрландырылған әсерлі қойылым сахналанды.

Мерекелік шараға көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары қойылымның басты көрермені болды.

Сахнада Наурыздың тарихы мен тағылымы кеңінен көрініс тауып, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлер көркем түрде дәріптелді. Әсем безендірілген сахна, ұлттық киімдер мен әсерлі көріністер балаларға ерекше көңіл күй сыйлап, олардың жүрегінде жылы әсер қалдырды.

Қойылым соңында 100-ден астам балаға Наурыз мерекесіне арналған сыйлықтар табысталып, бүлдіршіндердің қуанышы еселене түсті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button