Абай облысы

Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері референдумға қатысты

Курчатов қаласында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады.

Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері ғылым мен технологияны дамыту ел болашағының маңызды бағыттарының бірі екенін айтып өтті. Ғылыми зерттеулерді, инновациялар мен жоғары технологияларды қолдау мемлекеттің зияткерлік әлеуетін арттыруға және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етеді.

РГП «ҰЯЦ РК» Бас директорының орынбасары Ерболат Тайтолеуович Коянбаев:

– Бүгін біз қызметкерлеріміздің жоғары деңгейдегі азаматтық жауапкершілігін көріп отырмыз. Дауыс беруге белсенді қатысу – ел болашағына бейжай қарамайтындығын көрсетеді. Әрбір азаматтың өз таңдауын жасауы қоғамның дамуына үлес қосады. Ғылым мен технологиялар қазіргі қоғамда шешуші рөл атқарады. Осы бағыттарды қолдау – мықты әрі бәсекеге қабілетті мемлекетті қалыптастырудың маңызды бөлігі, – деді ол.

Осы айдарда

Back to top button