Абай облысы

Аягөздің “такси апасы” атанған 79 жастағы тұрғын референдумда дауыс берді.

Аягөз қаласының 79 жастағы тұрғыны Оразхан Манабаева республикалық референдумда дауыс беріп, белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті. Қала тұрғындары арасында ол көп жылдық еңбегінің арқасында «такси апа» ретінде кеңінен танымал.

Оразхан Манабаева 40 жылға жуық уақыт бойы такси жүргізушісі болып еңбек етіп, қала тұрғындарына адал қызмет көрсеткен. Оның табандылығы мен еңбекқорлығы жергілікті халықтың құрметіне ие болып, көпшілік оны жылы ықыласпен «такси апа» деп атап кеткен.

Ол дауыс беру рәсімін Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Ақтамберді көшесі, 76 мекенжайында орналасқан «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ ғимаратындағы референдум учаскесінде өткізді.

Қария референдумға қатысу – әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды қадам екенін атап өтті.

Айта кетейік, Аягөз ауданында барлығы 40 референдум учаскесі ұйымдастырылған. Сайлаушылар тізіміне дауыс беруге құқығы бар 39 251 азамат енгізілген.

Осы айдарда

Back to top button