Абай облысы

Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков референдумда дауыс берді

Бүгін елімізде маңызды республикалық референдум өтіп жатыр. Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс берді. Ол өңір жұртшылығымен бірге Семей медицина университеті ғимаратында орналасқан №93 сайлау учаскесіне барып, өз азаматтық таңдауын жасады.

Мәслихат төрағасы референдумға қатысу – әрбір азаматтың ел тағдырына деген жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтіп, тұрғындарды саяси науқанға белсенді түрде қатысуға шақырды. Оның сөзінше, әрбір дауыс маңызды, және елдің болашағы әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымына байланысты.

Осы айдарда

Back to top button