Абай облысы

Абай облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мейрамхат Айнабеков өз таңдауын жасады

Ол Семей қаласындағы №31 жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратында орналасқан референдум учаскесіне келіп, Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс берді.

Қоғамдық кеңес төрағасы бұл саяси науқанның ел өміріндегі маңызы зор екенін атап өтіп, әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауға тиіс екенін жеткізді. Оның айтуынша, референдум – халықтың еркін білдіретін маңызды демократиялық құрал, сондықтан тұрғындардың белсенді қатысуы қоғам үшін айрықша мәнге ие.

Айта кетейік, бүгін өңір тұрғындары еліміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде.

Осы айдарда

Back to top button