Абай облысыТОП

«Қаладан – ауылға» жобасы бойынша толық ақпаратты қалай алуға болады?

Биылғы 20 ақпанда Семейде облыс әкімі Берік Уәлиұлының бастамасымен «Қаладан – ауылға» өңірлік форум өтті. Форум аясында «Қаладан – ауылға» атты жаңа жобаның басталғаны жарияланған болатын.

Жоба басталғалы бері жан жақтан хабарласып, қызығушылық танытып жатқан тұрғындар өте көп. Осыған орай арнайы жұмыс тобы құрылып, Auylga.kz атты арнайы сайт ашылды. Сайтта әр аудан бойынша жауапты адамдардың тізімі, байланыс нөмірлері көрсетілген. Жоба туралы толық ақпарат алу үшін 109 колл-орталығына немесе 8 7222 361122, 87025152426 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

Жақында Semey телеарнасында «Қаладан – ауылға» атты жаңа бағдарлама ашылады. Бағдарлама аясында «Қаладан – ауылға» жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелері, аудан, ауыл әкімдері, басқарма басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері толық ақпарат ұсынатын болады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button