Абай облысы

Абай облысы бойынша «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының филиалы баспасөз конференциясын өткізді

2026 жылғы 4 наурызда Абай облысы бойынша «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының филиалы баспасөз конференциясын өткізді. Алдағы референдум қарсаңында Абай облысында сайлау учаскелерінің құрылымы мен «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясынан тәуелсіз байқаушылар құрамы толық айқындалды.

Облыс бойынша аумақтық сайлау комиссиясының дерегіне сәйкес барлығы 465 сайлау учаскесі тіркелген. Оның ішінде 36 учаске – жабық, ал 429 учаске ашық форматта жұмыс істейді.

Ашық учаскелерге «бір учаскеге – екі байқаушы» қағидатына сәйкес «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясынан 858 тәуелсіз байқаушы жіберіледі. Байқаушылар корпусының сапалық құрамы жоғары дайындық деңгейімен ерекшеленеді.

Бақылаудың мақсаты:

1) дауыс беру, дауыстарды санау және референдум қорытындыларын айқындау барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

2) референдум үдерісіне бағалау жүргізу;

3) референдумның әділ әрі ашық өтуіне қауіп төндіретін мән-жайлар, мәселелер мен құқық бұзушылықтарды анықтау.

«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясынан сайлау учаскелері мен байқаушылардың қала және аудандар бойынша бөлінісі төмендегідей:
• Семей қаласы — 220 байқаушы.
• Курчатов қаласы — 22 байқаушы.
• Абай ауданы — 24 байқаушы.
• Ақсуат ауданы — 46 байқаушы.
• Аягөз ауданы — 80 байқаушы.
• Бесқарағай ауданы — 62 байқаушы.
• Бородулиха ауданы — 86 байқаушы.
• Жарма ауданы — 84 байқаушы.
• Көкпекті ауданы — 54 байқаушы.
• Үржар ауданы — 86 байқаушы.
• Жаңасемей ауданы — 44 байқаушы.
• Мақаншы ауданы — 50 байқаушы.

Оқыту теория мен практиканы ұштастыру қағидатына негізделген: қатысушылар нақты кейстерді талдап, практикалық тапсырмалар орындайды. Бұл тәсіл байқаушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, дауыс беру күні туындауы мүмкін түрлі жағдайларға дайын болуына мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, Абай облысы бойынша «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы өңірдегі сайлау учаскелерінің 100% қамтылуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар облыс аумағында тәуелсіз бақылауды өзге де үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялар жүзеге асыратын болады.

 

Осы айдарда

Back to top button