ШҚООқиғаТОПШҚО

Шығыс Қазақстанда екі ірі өрт болды

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан құтқарушыларымен 2 ірі өрт сөндірілді, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласында Қаржаубайұлы көшесінде бір қабатты монша кешенінде өрт болды. Құрылыстың ағаш бөлігі өртенді, өрт алаңы 84 шаршы метр. Құтқарушылармен өрт толықтай сөндірілді, жарақат алғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуының себебі – электр сымдарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.

Фото: ШҚО ТЖД

Екінші өрт Жарма ауданындағы темір жол тұйығының аумағында болды. Ол жерде жиналған шпалдар өртенген. Өрт сөндірушілермен 63 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, отты ұқыпсыз пайдалану өрттің шығуына себеп болды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 12 адам және 3 бірліктегі техника, сондай-ақ нысандық өрт сөндірушілерден 3 адам және 1 автоцистерна, 1 теміржол краны және 20 қызметкер  жұмылдырылды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button