Абай облысыТОП

Абай облысында ветеринариялық бақылау шаралары жалғасып жатыр

Облыста 435 жануарға қажетті ветеринариялық шаралар жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы әкімінің орынбасары Думан Оспанов толығырақ баяндады.

– Биылға арналған жоспар бойынша эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін 11 қауіпті ауруға қарсы 7,5 млн-ға жуық ветеринариялық манипуляция және 2 млн-нан астам диагностикалық зерттеу жүргізу көзделді. Бүгінде жоспар орындалып, республикалық қордан бөлінген 7,383 млн дозаның 5,847 млн дозасы егілді, – деп атап өтті спикер.

Ветеринария басқармасы мен облыстық ветеринариялық қызмет төрт мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олардың қатарында ветеринариялық анықтама беру, жануарлар деректерін өзектендіру, ветеринариялық паспорт беру және ветеринария саласындағы лицензиялау. Биыл төлдерді бірдейлендіру жоспары 800 мыңнан астам басты құрап, 10 айдың қорытындысы бойынша жоспар 107,05% орындалды.

– Цифрландыру аясында «TortTulik» қосымшасына 11 891 пайдаланушы, ал «ВСЭ» модуліне 83 сою нысаны қосылған. «TANBA» жүйесінде 10 591 үй жануары тіркелген. Сонымен қатар, өңірде қаңғыбас жануарларды аулау жалғасуда. 10 айда 10 626 бас ит пен мысық ауланды. «ОСВВ» бағдарламасы бойынша 435 жануарға қажетті ветеринариялық шаралар жүргізілді, – деді әкім орынбасары.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button