Абай облысыСемейТОП

Облыс әкімі корпус жиһазын өндіретін кәсіпорынға барды

«Solo – интерьер» кәсіпорны 2007 жылы құрылған. Серіктестік 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Негізгі қызмет бағыты – корпус жиһаздарын өндіру. Мұнда асхана мен жатын бөлме гарнитурлары, үстелдер, орындықтар, шкафтар, кіреберіс жиһаздары және жеке тапсырыс бойынша жасалатын жиһаз түрлері шығарылады. Компания өнімі еліміздің барлық өңірлеріне, сондай-ақ ТМД елдеріне сатылып, облыстың экспорттық әлеуетін арттыруға үлес қосуда.

Кәсіпорын өзінің өндірістік базасын кезең-кезеңімен жаңартып келеді. Соның нәтижесінде Абай облысында баламасы жоқ, корпус жиһаздарын шығаруға арналған сандық бағдарламалық басқаруы бар жаңа технологиялық жабдық сатып алынды. Бұл өндіріс қуатын ұлғайтуға, өнім сапасын жақсартуға және тапсырыстарды орындау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Берік Уәли кәсіпорынның жұмысын оң бағалап, өңдеу өнеркәсібін қолдау бағытында жергілікті әкімдік тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Жиһаз өндірумен айналысатын «Solo – интерьер» – Семей қаласындағы өңдеу өнеркәсібін дамытып отырған серіктестік. Осындай шағын және орта кәсіпорындар жаңа технология енгізіп, нарыққа сапалы өнім ұсынып келеді. Халықтың қажеттілігін өтеп, қанша адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырсыздар. Біз отандық өндірісті әрдайым қолдаймыз, – деді аймақ басшысы.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button