СЕМЕЙДЕ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

Семей қаласындағы Шәкәрім Университетінде республикалық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.
Турнирдің мақсаты – оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, өзекті қоғамдық мәселелерді ашық талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту.
Биылғы турнирге 2024–2025 оқу жылындағы облыстық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарынан 180 оқушы, 60 команда қатысты.
Турнир үш лига бойынша өтті. Қатысушылар іріктеу кезеңдерінде және финалдық ойындарда бақ сынап, жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
Қазақ лигасы
І орын – Жамбыл облысы
ІІ орын – Алматы қаласы
ІІІ орын – Қызылорда облысы
Орыс лигасы
І орын – Қостанай облысы
ІІ орын – Абай облысы
ІІІ орын – Ақтөбе облысы
Ағылшын лигасы
І орын – Абай облысы
ІІ орын – Ұлытау облысы
ІІІ орын – Шымкент қаласы
Жеңімпаздар дипломдар және сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыға сертификаттар табысталды.
Ұйымдастырушы: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және Абай облысы білім басқармасының «Дарын» орталығы.
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ