ЖолдауҚазақстанПрезидентТОП

Қасым-Жомарт Тоқаев: Торғай аймағы Үкіметтің айрықша назарында болуы керек

Президент Ұлттық құрылтай мен Қауіпсіздік Кеңесінің IV отырысында Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолының құрылысын бастауды тапсырды. Бұл – тұтас Торғай өңірінің дамуына тың серпін беретін ауқымды жоба.

Бүгінгі Жолдауда Мемлекет басшысы Торғай аймағы Үкіметтің айрықша назарында болуы керектігін тағы бір атап өтті. Сондай-ақ Астанада вагон құрастыратын зауыт іске қосылғанын, авиация инфрақұрылымын жаңғыртуға да ерекше тоқталды. Бүгінде Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында жаңа терминалдар ашылды. Алдағы уақытта Зайсан, Қатонқарағай, Кендірліде әуежай құрылысы аяқталып, Арқалық әуежайы қайта жаңғыртылмақ.

Президенттің айтуынша, бұл бастамалар аймақтардың экономикалық белсенділігін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашады. Сондай-ақ өзге де салалардың дамуына серпін беріп, ел экономикасының өркендеуіне ұзақ мерзімді үлес қосады.

Осы айдарда

Back to top button