Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Жеңістің 80 жылдығына орай Семей қаласындағы Жеңіс саябағында негізгі мерекелік іс-шаралар өтті. Аталған шараға Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Ғалымжан Балтабаев, ҚАЖ ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Ахметжанов, сондай-ақ департамент пен мекемелердің қызметкерлері қатысып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Шараға қатысушылар Отан қорғау жолында қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтары мен веноктар қойды. Олар майданнан оралмаған жауынгерлерді, Отан үшін жанын қиған ерлерді еске алды.
— Жеңіс күні — біздің Отанымыз үшін ең маңызды мерекенің бірі. Бұл күн – қуаныш пен мақтанышқа толы, себебі жауынгерлеріміздің ерлігінің арқасында біз еркіндікке қол жеткіздік. Сонымен қатар, бұл – көзге жас келтіретін мереке, себебі халқымыз көрген ауыртпалықтар мен жоғалтулар ешқашан ұмытылмайды. Бүгінде, әрдайымғыдай, біз ардагерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Бұл Жеңіс — біздің жадымызда мәңгі сақталатын қасиетті мұра. Тарихи жадымызды сақтау және келер ұрпаққа жеткізу — біздің басты міндетіміз, — деді Ғалымжан Балтабаев.
— Ардагерлер кеңесі бейбіт аспан үшін жанын қиған жауынгерлердің ерлігін құрметтейді. Жеңіс күні – болашағымыз бен келер ұрпақтың тағдыры үшін жауапкершілікті еске салатын ерекше мереке, — деп бөлісті Мұратқазы Ахметжанов.