
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланған қауіпті орындар мұқият бақылауда.
«Шомылу маусымы басталғанға дейін тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Бірақта, көптеген қала тұрғындары қауіпсіздік шараларын елемейді және су айдындарында спирттік ішімдіктер ішіп, рұқсат етілмейтін белгі тұрғанына қарамастан балаларын ертіп демалу және шомылу орны ретінде ағыны қатты жерлерді таңдайды», – деп ШҚО ТЖД және полиция департаментінде атап өтті.



«Полициямен бірлесіп жазатайым қайғылы оқиғаларды алдын алу мақсатында 566 патрульдеу жүргізілді. Әкімшілік жауапкершілікке 9 азамат тартылды, олардың 5-і – ҚР ӘҚК 364-бабы бойынша (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) және 4-і 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша. Соңғы рейд бойынша Өскемен қаласында 3 бұзушы тартылды, оның біреуі тиым салынған су айдынында шағын қайық пайдаланған.
Тұрғындарға құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіре отырып жаднамалар таратты, сонымен қатар зардап шеккенге алғашқы жәрдем көрсету түсіндірілді. Демалушылар құтқарушылардан жарақат алған адамды реанимациялау ережелерін үйреніп, арнайы манекенде өздері жаттығып көрді. Біздің басты мақсатымыз бұзушыларды жауапкершілікке тарту, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын жеткізу», – деп атап өтті ШҚО ТЖД өкілдері.

Айта кету керек, апаттардың және адамдардың қайтыс болуларының басты себептері – рұқсат етілмеген жерлерде масаң күйде шомылу және балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру.
Облыс аумағындағы су айдындарында құтқарушылар және полиция жедел әрекет етуі үшін қайықта патрульдеу жүргізеді. Алдын алу рейд жұмыстары шомылу маусымы кезеңі бойында жалғасады, – деді ведомствода.
Semey News



