«Қазгидромет» РМК синоптиктері 12-14 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Метеорологтардың айтуынша, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында жылы және құрғақ ауа массалары ауа райының ыстық болуына ықпал етеді. Алайда елдің солтүстік жартысына әсер еткен скандинавиялық антициклон енді оңтүстік өңірлерге ойысады.
– Оңтүстік-шығыста термометр бағандары түнде 5…13 градусқа дейін, күндіз 20…28 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр жауады. 12-13 маусымда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аудандарында нөсер болады, жекелеген аудандарда дауыл соғып, бұршақ жауады, – деп жазылған хабарламада.