ОқиғаТОПШҚО

ШҚО тұрғынының иті ұрланды

Шығыс Қазақстан тұрғынының қақпа ішінде байлаулы тұрған иті ұрланды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Глубокое аудандық ПБ кезекші бөлімінің «102» арнасына 53 жастағы жергілікті әйел адам хабарласып, үй ауласында байлаулы тұрған қара түсті иті ұрланғанын хабарлаған.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен 32 жастағы азамат анықталды, күдікті кінәсін толықтай мойындады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button