Қазақстан

«Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 10-11 қарашада күтілетін ауа райының апатты метеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер

09 қарашада түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. 10 қарашада түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, 09 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса10 қарашада 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

09 қарашада күндіз Ақмола облысында қар, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. 10 қарашада қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 09 қарашада түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса, 10 қарашада 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей  уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

09 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 10 қарашада түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 09 қарашада түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса, 10 қарашада 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

10 қарашада түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

10 қарашада Қарағанды облысында қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар. Бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

10 қарашада Ұлытау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Астана қ.: 09 қарашада күндіз бұрқасын күтіледі. 10 қарашада қатты қар күтіледі, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 09, тәулік бойы 10 қарашада екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

09 қарашада күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде,  оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Павлодар қ: 10 қарашада түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 09 қарашада күндіз екпіні                 15-20 м/с, 10 қарашада 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

10-11 қарашада Абай облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 10 қарашада күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса, 11 қарашада облыстың оңтүстік-батысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Күндіз 10 қарашада, тәулік бойы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 10 қарашада түнде облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса, 11 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Семей қ.: 10 қарашада таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Өскемен қ.: 10 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 17-22 м/с.

10 қараша түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 10 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі.

10 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

10 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтау қ.: 10 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

10 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Ақтөбе қ.: 10 қарашада көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай қ.: 10 қарашада түнде бұрқасың, күндіз көктайғақ, бұрқасың күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 10 қарашада бұрқасын, көктайғақ күтіледі.  Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.

Көкшетау қ.: 10 қарашада бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Жезқазған қ.: 10 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қарағанды қ.: 10 қарашада кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

10 қарашада түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 10 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

10 қарашада түнде Түркістан облысының облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

10 қарашада Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, түнде шығысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 10 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

10 қарашада түнде Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Талдықорған қ.: 10 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/article/details/186384?lang=kk

Осы айдарда

Back to top button