МирСпортТОП

Хоккейден ӘЧ: Финалға Канада мен Финляндия шықты

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионы финалына жолдама алған екі құрама анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай финалдағы алғашқы кездесуде АҚШ пен Канада құрамалары мұз айдынға шықты. Аталған ойында канадалық хоккейшілер сапынан Брэндон Пирри 2, Эндрю Манджапане 24, 40, Джастин Дэнфорт 59-минутарда мергендік танытты. Оған американдықтар қатарынан Колин Блэквелл 17, Александр Хмелевски 43-минуттарда қос шайбамен жауап берді. Осылайша Канада қарсыласын 4:2 есебімен қапы қалдырды. Тағы бір кездесуде Финляндия хоккейшілері Германияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ойын барысында финляндиялық құрамадан Ииро Пакаринен 13, Ханнес Бьёрнинен 18-минутта гол соқса, немістерден Маттиас Плахта қарсыластар қақпашысын қапы қалдырып кетті.

Айта кетейік, 2019 жылғы әлем чемпионаты финалында да Канада мен Финляндия құрамалары кездескен болатын. Бұл ойында финляндиялық хоккейшілер 3:1 есебімен жеңген еді. Еске салсақ, биыл аталған сында Қазақстан құрамасы ел намысын қорғады. Олар барлығы 10 ұпай жинап, турнир бесінші орынды қанағат тұтыты. Осылайша плей-офф кезеңіне шығудан тыс қалды. Айта кетейік, әлем чемпионаты Латвия астанасы Рига қаласында 23 мамырда басталды. Ол 6 маусымда аяқталады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button