ШҚОТОП
Қалжыр өзені мен Шаңдыбұлақ бұлағының арнасында заңсыз жұмыстар жүргізілген
Күршім ауданындағы Қалжыр өзені мен оның салаларында рейдтік іс-шаралар өткізіліп, оның барысында Қалжыр өзені мен Шандыбұлақ бұлағының арнасы мен су қорғау белдеуі шегінде заңсыз жұмыстар жүргізілгені анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО бойынша экология департаментінің ақпараты бойынша, мұндағы «Батпақ» учаскесінде лицензия шарттарына қайшы келетін ірі тонналық ауыр жер қазу техникасын қолданған екен.
Осы ретте Күршім ауданының прокуратурасына кәсіпкерлерге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы талаптарды енгізу үшін материалдар жолданып отыр. Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралардың нәтижелері ведомстволық бағынысты аумақта бақылауды күшейту үшін Күршім ауданының полиция бөліміне де жіберілді.
Semey News



