ҚазақстанТОПҮкімет

Жас мамандарды жұмысқа орналастыруға ерекше назар аудару керек – Премьер-Министр

Техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірген түлектерінің 25 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.

«Жас мамандарды жұмысқа орналастыруға ерекше назар аудару керек. Талдау көрсеткендей, техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірген түлектерінің 25 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Сондықтан оларды еңбекпен қамту үшін жұмыс берушілермен, әсіресе ірі кәсіпорындармен тығыз өзара іс-қимыл орнату қажет», – деді Олжас Бектенов.

Премьер-Министрдің айтуынша, жаңа жұмыс күшін қажет ететін барлық жобаны қадағалау үшін Еңбек министрлігі тарапынан жұмыспен қамтуды мониторингтеудің нақты жүйесі керек.

«Осыған байланысты Цифрлық даму министрлігі жыл соңына дейін Еңбек, Қаржы, Экономика, Өнеркәсіп министрліктерінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялауға тиіс. Сондай-ақ барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге жобаларды іске асырып жатқан мердігер ұйымдардың жұмыс орындарын құру жөніндегі міндеттемелерін бақылауды тапсырамын», – деді Үкімет басшысы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button