Абай облысыТОП
Көкпекті ауданында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы басталды
Абай облысының Көкпекті ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда бекітілген «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
2025 жылға щейін облыста 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) нысандарын салу жоспарланған.
2024 жылы Көкпекті ауданында алты денсаулық сақтау нысаны салынуда. Үлгілімалшы ауылында отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынуда, ал Мамай, Қарамойыл, Үшкөмей, Биғаш және Шәріптоғай ауылдарында жаңа медициналық пункттер пайда болады.
Фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер 2024 жылдың күзінде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Барлық жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес орындалады.
Semeynews.kz