Абай облысыТОП
Бесқарағай ауданының Жетіжар ауылында шағын орталық ашылды
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Бесқарағай ауданына жасаған сапары аясында Жетіжар ауылында шағын орталық ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Шағын орталық 20 балаға арналған. Орталық құрылысына аудандық бюджеттен 45 млн теңге қаражат бөлінді. Шағын орталықтың ашылуына ауыл тұрғындары қатысты.
Бесқарағай ауданы бойынша 18 шағын орталық, 2 балабақша, 1 мектеп-бақша жұмыс істейді.
Semeynews.kz