Абай облысыТОП
Семейдегі құрылыс жұмыстары тексерілді
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков Семей қаласының бірқатар нысандарын аралап шықты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Соның ішінде 1-ші ЖЭО қазандықтарын ағымдағы жөндеу, Затаевич көшесі 4 мекенжайындағы IT-колледж ғимаратын күрделі жөндеу және Бейбітшілік аралындағы балалар темір жолының құрылысы бойынша жұмыстардың барысы тексерілді.
Тексеріс нәтижесінде мердігер ұйымдарға жұмыстарды уақытылы және сапалы аяқтау тапсырылды.
Semeynews.kz