Абай облысыауылшаруашылығыТОП
Абай облысында саяқ шегірткелермен күрес жұмыстары бақылауда
Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков саяқ шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі облыстық штабтың отырысын тұрақты түрде өткізуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
2024 жылға Абай облысының мемлекеттік жер қорының 18,2 мың га химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланған.
Бүгінгі таңда облыстың алты ауданындағы 4 мың гектардан астам жер химиялық өңделді. Кестеге сәйкес шара 2024 жылдың 22 маусымына дейін жалғасады.
Атқарылып жатқан жұмыстар үнемі бақылауда болады.
Semeynews.kz