МӘМС

Жыл басынан бері медициналық ұйымдарға 1 трлн теңгеден астам қаржы төленді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры  2024 жылғы ақпан айының  қорытындысы бойынша медициналық қызметтерге төлем аудара бастады. 

 10 маусымдағы жағдай бойынша бұған дейін алған авансты ескеріп, 1 807 медициналық ұйымға 124,9 млрд теңге төленді.

Бұл ретте медициналық ұйымдар осы уақытқа дейін қаржыландырусыз қалған емес. Биыл жыл басында оларға әдеттегідей 30% мөлшерінде аванс жіберілді.

Жалпы алғанда 1875 медициналық ұйымға 789 млрд теңге сомаға аванс берілді. Кейбір жеткізушілер қажеттіліктің болмауына байланысты аванс алудан бас тартты. Жоғарыда айтылғандай, берілген аванстар ай сайын нақты көлемдерден шегеріліп отырады.

Жыл басынан бері қаржыландыру көлемі, оның ішінде амбулаториялық дәрі-дәрекпен қамтамасыз етуді қосқанда 1 трлн 16,6 млрд теңгені құрады.

Ақпан айындағы төлемді 2024 жылдың 14 маусымына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Соныменқатар, Абай облысы бойынша жеткізушілер саны 63 медициналы құйымдарды құрайды. Ағымдағы жылдың 10 маусымындағы жағдай бойынша 61 медициналық ұйымдарға көрсетілген медициналық қызметтер үшін 6,4 млрд. теңге сомасында төленді (оның ішінде есепті кезеңге қаңтар айына 5,0 млрд. теңге сомасында төленді). Ал 2 медициналық ұйым есепті кезеңде ағымдағы жылдың қаңтар айында медициналық қызмет көрсетудің болмауына байланысты төлемге ұсынбаған.

Ақпан айында ағымдағы жылдың 11 маусымын дағы жағдай бойынша 63 медициналық ұйымдардан бұрын алынған авансты шегеруд іескер еотырып,1,4 млрд.теңге сомасында 22 медициналы құйымға төленді.

Сондай-ақ, жыл басынан бері 40% –  дейінгі мөлшерде аванс жіберілді. Жалпы 62 медициналы құйымдарға 23,9 млрд теңге сомасында аванстар берілді. Бір жеткізуші қажеттіліктің болмауына байланысты аванс алудан бас тартты. Берілген аванстар ай сайын нақты көлемнен ұсталатын болады.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бері қаржыландыру көлемі 100,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде: ТМККК – 57,6 млрд теңге, МӘМС – 43,1 млрд теңге, оның ішінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кіреді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button