Абай облысыБілімМәдениетТОП

Республикалық «Абай оқуларында» 47 оқушы жеңімпаз атанды

XXV республикалық «Абай оқулары» аяқталды. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 130-дан астам жас абайтанушы қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Байқау «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері» , «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» ,«Көңілім әнді ұғады» ,«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»,«Сөз өнеріндегі Ұлы Абай бейнесі» аталған 6 номинация бойынша өтті. Қатысушылар Абайдың 200-ге жуық өлеңін, 45 қарасөзін және екі поэмасын жатқа оқыды.

Сайыс қорытындысы бойынша 47 оқушыға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломы тапсырылды. Атап айтсақ, I дәрежелі дипломмен 6 қатысушы, II дәрежелі дипломмен 18 және III дәрежелі дипломмен 23 қатысушы марапатталды. Арнайы номинация 18 қатысушыға табысталса, тағы 20-ға жуық оқушы грамотамен марапатталды. Сондай-ақ қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Анықтама үшін: XXV республикалық Абай оқулары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өтті. Ұйымдастырушы – «Дарын» РҒПО және Абай облысының білім басқармасы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button