Абай облысыТОП

Жаңасемей ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында көшелер жарықтандырылды

«Ауыл – ел бесігі» республикалық бағдарламасы аясында Жаңасемей ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Достық ауылдық округінің Шақамен ауылындағы Қалибек Ахметов көшесіне 57 жарықтандыру бағанасы орнатылды.

Сондай-ақ, Жиенәлі ауылдық округінің Бөкенші ауылындағы кіре беріс тас жол мен 7 көшені жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Жарықтандырылған көшелердің жалпы ұзындығы 3 шақырымнан асады. 96 жарық бағанасы орнатылды.

Сонымен қатар, Шаған ауылының кіреберіс тас жолы мен төрт көшесінде жарық пайда болды. Шақаман, Бөкенші ауылдары мен Шаған кентіндегі көшелерді жарықтандыру жұмыстары аяқталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button