СемейТОП

Семей әкімі асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелерді аралады

Қазіргі таңда аулаішілік жолдарға асфальт салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аулаішілік жолдарды асфальттау жұмыстары қазіргі таңда 20 квартал 5,6,7 мекенжайларында жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сондай-ақ, қала басшысы тротуарды асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатқан Красина көшесіне барды.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр апта сайын тұрақты түрде жол жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізуде. Бүгін Нұрбол Нұрсағатов аталған көшелерге барып, жол жөндеу жұмыстарын тексерді. Мердігер ұйымның басшылары қала әкіміне құрылыстың жағдайын баяндады.

Өз кезегінде қала әкімі тиісті тапсырмалар беріп, жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, биыл Семейде 36 км болатын 40 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button