Абай облысыТОП

Бесқарағай ауданында су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілуде

Бесқарағай ауданында сумен жабдықтау бойынша жобалар іске асырылуда. Биылғы негізгі жобалардың бірі – Ерназар ауылдық округінде су құбыры желісін салу. Құрылысты аяқтау жыл соңына жоспарланған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жетіжар ауылында да сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде жұмыстар 90%-ға орындалды.

Аудан әкімі Талғат Мұратов мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, жұмыстарды уақытылы, әрі сапалы аяқтау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, жалпы ауданы 210 шаршы метр болатын 15-20 балаға арналған шағын орталық салынып жатыр. Орталық 2024 жылдың шілдесінде пайдалануға беріледі деп көзделуде.

Айта кетейік, Абай облысы бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 92,8%-ды құрайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button