Абай облысыТОП

Мақаншы ауданында 4 мал қорымының құрылысы жүріп жатыр

Мақаншы ауданына қарасты Көктерек, Қаратал, Қарабұлақ, Қарабұта ауылдарында мал қорымдарының құрылыстары жүруде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мердігер – «СемСтройПут» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының орындалу мерзімі – 3 ай. Бүгінгі таңда жалпы жұмыс көлемінің 50 пайыздан астамы аяқталған.

«Бұл біздің ауыл үшін маңызды құрылыс.Себебі санитарлық талаптар сақталып, мал өлекселері арнайы орындарда өртелетін болады», – дейді Қарабұта ауылының тұрғыны Сағыныш Тұрғынбек.

Мердігер мекеме өкілдері аталған жұмыстарды белгіленген мерзімінде аяқтайтынын айтып отыр. Бұл жобалардың жұмыс барысы жергілікті атқарушы биліктің бақылауында болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button