Абай облысыТОП

Үржар ауданында көшелер қалпына келтірілуде

Үржар ауданы бойынша ағымдағы жылы жол жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді-мекендер көшелеріне ерекше мән беріліп отыр.

Мәселен, «Үржар-Барқытбел-Қарабұйрат» бағытындағы 19-34 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жалғасын табуда. Аталған жоба 2023 жылы басталған болатын. Жұмысты биыл аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының өтінішіне орай ұзақ жылдар жөндеу көрмеген Қарақол ауылының кіреберіс автомобиль жолын қалпына келтіру үшін келісімшарт жасалды. Ұзындығы 6 шақырымды құрайтын жолда бүгінгі таңда жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Аудан ортылығындағы 9,7 шақырымды құрайтын 9 көшеге орташа жөндеу жұмыстары үшін конкурс нәтижесіне байланысты келісімшарт жасалуда. Тиісті жұмыстар алдағы уақытта атқарылады.

Шолпан ауылы тұрғындарының өтініші ескеріліп, 3 шақырым ауылға кіреберіс жолды жөндеуге қаржы бөлінді. Қазір бұл жұмыс аяқталуға жақын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button