Абай облысыТОП

Абай облысында балалардың жазғы демалысы – ерекше бақылауда

Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қолға алынған шаралар туралы баяндады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сауықтыру нысандарына қойылатын талаптар алгоритмдері мен балалар мен ата-аналарға арналған жадынамалар әзірленді.

Абай облысының 2024-2026 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөнінде басқармалармен және департаменттермен келісілген іс-шаралар жоспары бекітілді.

Балалардың демалысын ұйымдастыру бойынша ведомствоаралық өңірлік штаб пен полиция, төтенше жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері өкілдерінен құралған балалардың демалысын ұйымдастыруға мониторинг жүргізу бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Жазғы демалыста әр баланы сауықтыруымен және демалысын тиімді өткізуін ұйымдастыру үшін алдын ала тізім жасақталды.

Білім беру ұйымдары демалысты ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсынымдармен, сауықтыру лагерлерінің жұмысы бойынша алгоритмдермен, балалар мен ата-аналарға арналған жадынамалармен және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 1-10 сынып оқушыларына арналған «Сенің қуанышқа толы демалысың» Guidebook-ымен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, Абай облысының 2024 жылғы жазғы кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру тұжырымдамасы әзірленген.

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев әкімдік отырысында Білім басқармасы, қала және аудан әкімдерімен және құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп жазғы кезеңде балалардың, соның ішінде әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалардың демалысын қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз eтуді, демалыс лагерлеріндегі санитарлық және басқа да қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button