Абай облысыСпортТОП

Абай облысының әкімі «Семей» МФК ойыншыларымен кездесті

«Семей» футзал клубы жақсы нәтижелерімен қуантуда. «Аят»-қа қарсы ойын командамызды еліміздегі ең мықты клубтардың бірі ретінде танытқан матч болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгін аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев ойыншыларымен кездесіп, финалға шығуымен құттықтады. Алдағы ойындарына сәттілік тіледі.

«Сіздерге облыс тұрғындары, жанкүйерлер тарапынан үлкен үміт артылып отыр. Алдағы ойын сіздердің жеңіске деген құштарлықтарыңыз бен мақсатқа жету жолындағы күш-жігерлеріңізді көрсетеді. Бүгін орындалуы тиіс жұмысты ертеңге қалдырмаңыздар. Барлығы өз қолдарыңыздарда. Біз сіздерге сенеміз, өз мүмкіндіктеріңізді ұтымды пайдаланыңыздар», – деді облыс әкімі.

ҚР футзал федерациясының нұсқасы бойынша мамыр айының үздік жаттықтырушысы атанған бас бапкер Дави Мендонса команданың міндетті түрде лайықты ойын көрсететінін атап өтті.

«Финалдық матчта команда өзін жақсы жағынан көрсетеді. Мен бұған сенімдімін. Біз қолымыздан келгенді аянып қалмаймыз. Әр ойыншы осы сәттің маңыздылығын түсінеді және жеңіске жету үшін бар күшін салуға дайын. Жанкүйерлерімізді қуанту үшін жақсы дайындалдық», – деді команданың жаттықтырушысы Дави Мендонса.

Естеріңізге сала кетейік, «Семей» мен «Аят» командалары арасындағы Семейде өткен матчқа 4 мыңға жуық жанкүйер жиналды.

Қазіргі уақытта «Семей» МФК еншісінде 89 ұпай бар. Команданың мүшесі бразилиялық Дедезиньо Патросиньо Алвеш Андерсон маусымның үздік ойыншыларының үштігіне кіріп отыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button