Абай облысыБілімТОП

Абай облысында оқушылар мен студенттердің жаңа құзіреттіліктері қолдауға ие

Абай облысының білім басқармасы және облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы «R:ED FEST», «Roboland», «Kazrobotiсs», «RoboZerde 2024» чемпионаттары, «Steam fest digital Abai» фестивалі, робототехника хакатондары, «3d үлгілеу», «Жасанды интеллект», видео және медиа бағыттары бойынша байқаулар, спорттық бағдарламалаудан олимпиадалар мен турнирлер өткізілді.

Аталған білім бәйгелері «Болашақ инженерлер» жобасының аясында «Zerde», «Robotek grand tournament», «First Kazakstan Championchip», «Арман Инжиниринг» ЖШС және «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Айта кету керек, Абай облысының оқушылары халықаралық чемпионаттарда: Индонезия, Сингапур, Орталық Азия, ҚХР мен Түркияда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.

Балалар «Үздік робот» бойынша гран-при жеңіп алса, Қырғызстанда «Несмотря на трудности» номинациясына қол жеткізген.

Жалпы 600-ден аса оқушы облыстық, 50-ден аса – республикалық, 25 – халықаралық деңгейдегі жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары атанды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button