Абай облысыМерекеТОП

Көкпекті ауылының «Ұлы дала елі» алаңында “Ту көтеру” рәсімі өткізілді

4-маусым Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай Көкпекті ауданының аудан орталығы Көкпекті ауылының «Ұлы дала елі» алаңында “Ту көтеру” рәсімі өткізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Қапарұлы Теміржанов, ардагерлер кеңесімен қоғамдық кеңес өкілдері және 400-ден астам аудан тұрғыны бір мезетте Қазақстан Республикасының әнұранын шырқады.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Қапарұлы Теміржанов көкпектіліктерді Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, мемлекеттік рәміздерімізге құрметпен қарауға шақырды.

Мерекелік шара аудан жастарының дәстүрлі «Толағай жастары» акциясымен жалғасуда. Акция аясында аудан жастары биіктігі 1 км құрайтын Толағай тауының басына шығып, мемлекеттік Туды тігетін болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button