ШҚОКриминалТОП

«Қарасора-2021»: ШҚО-да 600 кг есірткі тәркіледі

Шығыс Қазақстан облысында «Қарасора-2021» жедел алдын алу шарасы басталды, деп хабарлайды Semey News AltayNews тілшісіне сілтеме жасап.

Оңтүстік өңірлерден жабайы өсетін сораны және басқа да психотроптық, есірткі заттарын шығару арналарын жабу үшін ШҚО аумағында 4 жедел-мобильді топ құрылды.
– Жыл басынан бері ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 638 кг түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Бес ай көлемінде есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 120 факт анықталды, оның ішінде 91-і сату мақсатында екені анықталды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
«Қарасора-2021» жедел алдын алу шарасы 30 қазанға дейін жалғасады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button