Абай облысының полицейлері уылдырық шашу кезінде балық аулағаны үшін ер адамды ұстады
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 16 сәуірі мен 30 мамыры аралығында Абай облысының аумағында балық пен балық өнімдерін заңсыз өндіруді, ұрлауды, әкетуді, алып жүруді немесе өткізуді анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Өткен кезеңде 145-тен астам рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде табиғат қорғау заңнамасының 72 құқық бұзушылығы анықталды.
2024 жылдың 24 мамырында Семей қаласының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ЖҚАЖ қызметкерлерімен бірлесіп, «Қызыл Су»өзенінің жағасында патрульдеу кезінде ШҚО-ның 40 жастағы тұрғынының басқаруымен «Subaru Legacy»маркалы автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті тексеру кезінде багаж бөлімінде 4 қап балық табылды, бұл 105 кг құрады.
Барлық мән-жайларды анықтау үшін материал «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы РММ-ге берілді.
Semeynews.kz