
1 маусымда Семей қаласында 282 нысанға тексеру жүргізілді, олардың ішінде «жылу картасына» кіретін 250 нысан қамтылды. Маскалық режимді бұзудың 7 фактісі анықталды. Өндірілген айыппұлдар және толтырылған хаттамалар жоқ. Өскеменде мониторингтік шаралармен 149 нысан қамтылды, 4 бұзушылық тіркелді.
Риддер қаласында 5 рейд жүргізілді, 75 нысан тексерілді. Рейд барысында 2 маскалық режімді бұзу анықталды. Алдында болған рейдтік шараларда анықталған маскалық режімді бұзу бойынша қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасымен сомасы 131 265 теңгені құрайтын 3 айппұл салынды.
Алтай ауданында 140 нысанға тексеру жүргізілді. 2 бұзушылық анықталды.
Шемонаиха ауданында 72 нысан тексерілді, бір бұзушылық фактісі анықталды. Бір тұлғаға сомасы 43 755 теңге айыппұл салынды.
Semey News