ШҚОПроисшествияТОП

ШҚО-да үш автокөлік өртенді

1 маусымда Шығыс Қазақстан облысында үш автокөлік өртенді, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен-Алтай бағытында жүріп бара жатқан, 1996 жылы шығарылған, «Opel Frontera» маркалы автокөлігінің қозғалтқыш бөлігіндегі өртенгіш бөлшектері, ішкі жабындылары, жеке заттары, деңгелегі өртенген.  Өрт сөндірушілермен 6 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Қауіптілігі жоғары қондырғыға абайсыздықпен қарау авокөлікте өрт туғызды.

Осы күні тағы 2 авкөлік өртенді. Семей қаласындағы Тельман көшесі бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің ауласында 10 шаршы метр алаңдағы терек мамығы өртеніп темір гаражға және 1994 жылы шығарылған «Тойота Карина» маркалы автокөлігіне тараған. Өрт орнына келген өрт сөндірушілер 28 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. ШҚО ТЖД мамандарымен отты абайсыз пайдалану және балалардың отпен ойнауы деген нұсқа қаралуда.

Өскемен қаласында Сәтпаев даңғылы бойында 5 қабатты тұрғын үйдің ауласында уақытша тұрақтаған, 1986 жылы шығарылған «Mazda 626» маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігіндегі өртенгіш бөлшектері, ішкі жабындылары, жеке заттары өртенген. 4 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Қауіптілігі жоғары қондырғыға абайсыздықпен қарау өрт шығуына себеп болды.

ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, 2021 жылдың басынан бастап 75 өрт орын алған.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button