ӨҢІРЛІК ӘМСҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
ӘМСҚ өңірлік филиалының басшысы Ғалымжан Әбіловтың төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте Абай облысының қалалық және аудандық ауруханаларының өкілдері кездесті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе жаңа медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу негізінде бүкіл ел бойынша медициналық мекемелерге қаржылық қолдауды арттыру шараларын талқылау болды.
Ақпараттық жүйелерді жаңарту кезеңінде олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында республиканың медициналық ұйымдары үшін аванс мөлшері 70%-ға дейін ұлғайтылды.
Жағдайды ескере отырып, аванс мөлшерін стандартты 30%-дан 70%-ға дейін, ал жаңа медициналық қызмет көрсетушілер үшін 30%-ға дейін ұлғайту бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылданды (бұрын оларға аванс төленбеген, төлем мүмкіндігі үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді).
Ғалымжан Әбіловтың деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Абай облысында 63 медициналық қызмет көрсетуші жұмыс істейді. Абай облысына қосымша аванс түрінде 11 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді. Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бастап медициналық ұйымдар аванс алды және қосымша қаражатты ескере отырып, берілген қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 22 млрд теңгені құрады.
МСАК, әлеуметтік маңызы бар аурулар, паллиативтік көмек, гемодиализ және жедел медициналық көмек сияқты басым бағыттарға ерекше назар аударылады.
Филиал басшысы медициналық ұйымдарға қаржылай қолдау көрсету жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
Semeynews.kz