Абай облысыТОП

Мақаншы ауданында 140 орындық балабақша салынуда

«Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобасы аясында Мақаншы ауылына 140 орынға арналған екі қабатты балабақша салынуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Балабақша пайдалануға берілісімен 6 топ жұмыс жасайтын болады. Олардың екеуі кіші және орта жастағы балалар үшін әрқайсы 22 орыннан, 24 орыннан үлкен балаларға арналған 2 топ, сондай-ақ мектепке дейінгі дайындық тобына келушілер үшін 48 балаға арналған мектепке дейінгі 2 топ.

Жаңа балабақша бүлдіршіндерге білім мен тәрбие беруге қажетті заманауи жабдықтармен және ойын алаңдарымен қамтамасыз етіледі.

Балабақшаның орналасқан жері – Сағымбеков көшесі, 84Б.

Айта кетейік, бұл жоба ауылдағы мектепке дейінгі мекемелердің жүктемесін азайтып, кезекті тұрған балаларды қамтуға мүмкіндік береді.

Анықтама: Мақаншы ауылында 13 мыңнан астам тұрғын тұрады. Ауылдық округте жалпы саны 1 жекеменшік, мектеп жанынан ашылған 3 шағын орталық жұмыс істейді. Қазіргі таңда елді мекенде 2-6 жас аралығындағы 326 бала балабақша кезегінде тұр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button