СемейТОП

Нұрбол Нұрсағатов қаланы санитарлық тазарту бойынша көшпелі кеңес өткізді

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жолдарға орташа жөндеу жүргізіліп жатқан көшелерді және қала аумақтарындағы санитарлық тазалық жұмыстарының орындалуы бойынша көшпелі кеңес өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Көшпелі кеңеске әкімдіктің бөлім басшылары мен коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты.

Семей қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 6 сәуір мен 31 мамыр аралығында қалада санитарлық тазарту бойынша екі айлық жарияланды. Осыған байланысты, қала басшысы тиісті кәсіпорындарға тазалық акциясы кезінде аумақты түгел тазалауды тапсырды. Қала әкімінің бастамасымен тазалау жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында әкімдіктің әрбір бөліміне бөлінген белгілі бір сектор бекітілді. Цементшілер кентінің сантпрлық тазалығына кәсіпкерлік бөлімі жауапты. Қала әкімі бөлім басшысына ауданның санитарлық тазалығына қатысты бірқатар ескертулер жасады.

Санитарлық тазалау жұмыстары қаланың барлық аудандарында, орталық көшелерінде, тұрғын үй алаптарында жүзеге асуда. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда жоғарыда аталған жұмыстар күшейтіліп, тәулік бойы бақылауда.

Сондай-ақ, Семейде жол жабынын ағымдағы жөндеу орташа жөндеу, аула аумақтарыедағы жолдарды асфальттау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Асфальт төсеу жұмыстары Семей қаласының сол жағалауындағы Галето, Автодорожная, Ұшақтар кентіндегі 10 тұйық Юность көшелерінде жүргізілуде.

Биыл 40 көшені асфальттау жұмыстары жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button