Абай облысыОқиғаТОП

Абай облысында бөрене тиеген “КамАЗ” жүк көлігі жол көлік оқиғасына түсті

Абай облысында  бөрене тасымалдаған “КамАЗ” жүргізушісі тежегіштің істен шығуына байланысты тіркеменің аударылуына жол берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Семей-Қарауыл автожолында болған. 61 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, нәтижесінде КамАЗ тіркемесі сол жаққа аударылды. Апаттың себебі жүк көлігінің тежегіш жүйесінің ақауы болды.

ЖКО салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Материалдық залал келтірілмеген.

КамАЗ жүргізушісіне қатысты жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұл бұзушылық ескертуге немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерге автокөліктің техникалық жай күйін тексеру қажеттігін еске салады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button