Абай облысыБілімҚоғамТОП

Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде

Бесқарағай ауылында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Бұл жоба аймақтағы оқушы орындарының тапшылығын шешуге бағытталады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жаңа мектеп сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жаңа технологиялармен жабдықталады. Онда заманауи кабинеттер, сондай-ақ спорт және акт залы салынады.

Бесқарағай ауылында жаңа мектеп салу жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Бүгінгі таңда іргетас толығымен құйылды.

Еске сала кетсек, Абай облысында 2025 жылға дейін 5700 орындық 11 мектеп салу жоспарда бар. Сонымен қатар, 6 шағын жинақталған мектеп пен жұмыс істеп тұрған білім ордаларына 6 қосымша құрылыс нысандары салынады. Білім беру мүмкіндіктерін кеңейту үшін көпфункционалды Оқушылар сарайының құрылысы басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button