СемейТОП

Семейде жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Семейде жол жабының (шыңқырларды) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Адилбек Увасилов мәлімдеді. Оның айтуынша шұңқырларды асфальттау жұмыстары, ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін барлық көшелерде жүзеге асады.

Қазіргі таңда Абай көшесіндегі, Шәкәрім даңғылындағы асфальтты бітеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, ағымдағы жылы 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта арнайы экспертизаның қорытындысы алынды, жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің тізімі жасақталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button