СемейТОП

Семей әкімі қала аумағында санитарлық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді

Оған қала әкімінің орынбасарлары және бөлім басшылары қатысты. Нұрбол Нұрсағатов қаланың Новостройка және Океан аудандарына барды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Нұрбол Нұрсағатов ТҮКШ бөлімінің басшылығына көше жолдарын тазалауға жауапты мердігерлерге қатаң талап қоюды жүктеді. Жолдарды жазғы күтіп ұстау жұмыстарын міндетіне алған мердігерлер жұмыс режимін күшейтулері керек.

Сондай-ақ, қала әкімі осы аптада сенбіліктер басталатынын және меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер, ұжымдар, тұрғындар жалпы қалалық тазалық шараларына қатысу керектігін ескертті.

“Санитарлық тазалық жұмыстарының екі айлық науқанын жариялаймыз. Қаламызда қыстан шыққан қоқыс көп. Әр мекеме ұжымдары, әрбір бизнес нысаны, көп қабатты үйлер тұрғындары өз аумақтарын тазалауға тиісті. Саябақтарды, скверлерді, көшелерді тазалауға да бір кісідей жұмылып кірісетінімізге сенемін”,- деді қала әкімі.

Айта кету керек, автомобиль жолдарының тазалығына мердігер мекемелердің 70 жол жұмысшысы, 30 арнайы техникасы кірісті. Мердігер мекемелер күнделікті жол жиегін құмнан тазарту жұмыстарын атқарады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button