Covid-19ШҚОТОП

ШҚО-да 800-ден астам кәсіпкерлік нысандарында санитарлық талаптарды сақтау бойынша тексерулер жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлік нысандарында шектеу шараларын сақтау бойынша күнделікті рейдтік шаралар жалғасуда, деп хабарлайды Semey News.

Өткен тәулікте Өскемен қаласында тексерумен 145 нысан қамтылды. Мониторингтік топ облыстық бас санитарлық дәрігермен белгіленген шектеу шараларын бұзудың 2 фактісін анықтады.

30 мамырда Семей қаласында 284 нысанға тексеру жүргізілді, олардың ішінде «жылу картасына» кіретін 270 нысан қамтылды. Маскалық режимді бұзудың 9 фактісі анықталды. Өндірілген айыппұлдар және толтырылған хаттамалар жоқ.

Риддер қаласында 5 рейд жүргізілді, 71 нысанға тексеру жүргізілді, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Курчатов қаласында 28 нысанға, Бесқарағай ауданында 20 нысанға, Глубокое ауданында 94 нысанға, Зайсан ауданында 89 нысанға, Шемонаиха ауданында 71 нысанға тексеру жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сондай-ақ санитарлық талаптарды сақтау бойынша мониторингтік шаралар Абай, Аягөз, Алтай, Күршім, Ұлан және Үржар аудандарында да жүргізілді.

Облыс тұрғындарын, орта және кіші бизнес өкілдерін облыстық бас санитарлық дәрігерімен белгіленген санитарлық талаптарды сақтауға шақырады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button